Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда полицейлер қабаған итке қарсы қару қолдануға мәжбүр болған – (видео)

Таразда полиция қызметкері қабаған итке қарсы қызметтік қару қолданған. Полицейдің қаруымен оқ атқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

полиция коллаж

8 шілді күні 102 пультіне қаладағы дәріханалардың бірінің маңында белгісіз екі ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, олардың жанында қабаған иттің байлаусыз жүргені туралы хабар келіп түскен.

Қоңырау шалған жерге жеткен полицейлер 1979 және 1986 жылы туған екі жергілікті тұрғынды анықтады, олардың үстінен басқа куәгерлер арызданған.



"43 жастағы ер адам "Питбультерьер" тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды. Қайғылы оқиға орын алмауы үшін Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атқан", - делінген департамент мәлімдемесінде.

Ақберен Амангелді
Сенбі, 09 Шілде, 2022 09:10
Талқылау