AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда полицей болып киінген алаяқ шын полицейлерге кездейсоқ ұсталып қалды

Тараздағы саябақтардың бірінде полиция киімін киген 19 жастағы жігіт байқамай шын полицейлерге ұсталып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кейін анықталғандай ол бұрын да осындай әрекеті үшін жауапқа тартылған екен. 

Тәртіп сақшылары Тараздағы Тұрар Рысқұлов атындағы саябақтың аумағын бақылау кезінде полиция формасындағы күдікті жас жігітті байқаған. Саябақта серуендеп жүрген ол "әріптестерін" көрген сәтте сасып қалыпты.Тексеру барысында жалған полицейдің Түркістан облысының тұрғыны екені анықталды.



Ұсталған азаматтың осындай қылмысы үшін 2022 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында сотты болғаны белгілі болды.Ол кезде жас жігіт ТЖД қызметкерінің киімін киген екен. Қазір оның мұндай қадамға қандай мақсатпен барғаны анықталып жатыр. 

“ҚК 390-бабының 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді”, — деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр