Таразда құрдасын қорлаған оқушының анасына айыппұл салынды
Таразда оқушы өз құрдасын қорлап, әлімжеттік көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған соты “Кәмелетке толмаған адамды қорлау” бабы бойынша азамат М-ға қатысты іс қарады.
Мамырда Тараздағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы әдепсіз дөрекілік көрсетіп, құрдасын ұрып-соғып, қорқытқан. Сотта қаскөйдің анасы хаттамада көрсетілген мән-жайларды растап, ұлының әрекетіне өкінетінін және алдағы уақытта мұндай оқиғаның қайталануына жол бермейтінін түсіндірді.
Баланың кінәсі хаттамамен, полицияның кезекші инспекторының хаттамасымен, тараптардың жазбаша түсініктемелерімен, оқиға орнынан түсірілген бейнежазбамен және басқа да іс материалдарымен расталды.
Қазақстанның кейбір аймағында буллингке ұшыраған оқушылар жасырын түрде көмек сұрай алады
Әлімжеттік туралы видео жариялаған астаналық студенттің анасы жауапқа тартылды
Оралда жасөспірімдер қызға әлімжеттік жасап, ұрып-соққан
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-2-бабының 3-бөлігі бойынша бұл іске ескерту немесе 10 АЕК (39 320 теңге) айыппұл салуды көздейді.
“Сот құқықбұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын және материалдық жағдайын, өз кінәсін мойындауын, осы құқық бұзушылықты алғаш рет жасауын және жәбірленушінің кешірілуін ескере отырып, айыппұл сомасын 30% азайтты. Сот қаулысымен буллердің заңды өкілі кінәлі деп танылып, оған 27 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды”, – делінген хабарламада.
Соттың шешімі заңды күшіне енді.
Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік.

"Металлургияға 50 балмен түсуге болады": Биыл қазақстандық талапкерлер қанша балмен грант иесі атанды
