Таразда бірнеше жігіт бір адамды жабылып сабап өлтіріп кетті
Таразда бірнеше адам бір адамды жабылып сабап жазым етті. Қанжоса қырғын қаланың қақ ортасында болған.
Кісі өлімі көліктен болды. Жаға жыртысып жатқан топты көлік жүргізушісі таптап өткен. Сұмдық жағдай көшедегі бейнекамераға түсіп қалды, деп хабарлайды 31 арна.
Онда көліктің бір топ адамды үстінен басып өткені анық аңғарылады. Бейнекамерада «Ваз» автокөлігінің жүргізушісі «Волксваген» маркалы темір тұлпарын қарсы жолаққа қысып тоқтатады. Артынша бір топ жігіт шығып екінші көліктің артқы есігінен бір адамды жұлқып түсіреді.
Ашуға булыққан топ жабылып тепкінің астына алады. Ал көлік жүргізушісі жолаушысын тастап тайып тұрады. Бірақ көп кешікпей қайта келіп, көше ортасында төбелес ашқандарды таптап өтеді. Соның салдарынан 29 жастағы азамат жансақтау бөлімінде тіл қатпай қаза тапты. Қанды оқиғаға не себеп болғаны әлі белгісіз. Дегенмен полицейлер сегіз адамға іздеу жариялады. Тіпті жеке бастарын анықтадық деп сендіреді. Қашып жүрген күдіктілердің тектері бірдей болғандықтан бәрі ағайынды болуы мүмкін деген болжам бар.
Тағы да оқыңыз:
Байқамай қағып өткен: Үшарал дәмханасындағы төбелес адам өлімімен аяқталды
Ақтөбеде қыздары хиджаб киген ата-аналар Бердібек Сапарбаевты іздеп әкімдікте шу шығарды