Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда бір жыл бойы балдызын зорлап келген педофилге сот үкімі шықты

жездесі зорлап келген

Фото: Freepik.com

Таразда бір жыл бойы әйелінің сіңлісін зорлап келген ер адам 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сот сотталушыны 5 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді. 

“Аталған бап бойынша ең ауыр жаза тағайындалды. Алайда ер адам өзі кінәсін мойындаған жоқ”, – деді жәбірленушінің адвокаты Алия Арзымбетова.

Еске салайық, бұған дейін Таразда 15 жастағы қызды жездесі бір жыл бойы зорлап келгені туралы жазған едік. Оқушы қыз әпкесінің үйіне жиі барып, кішкентай балаларына қарасуға көмектескен. Осы кезде азғын өзінің арам пиғылын іске асырған. 


Шымкентте есту қабілеті нашар қызды зорлаған 28 жастағы жігіт сотталды


Алматыдағы интернатта ерекше қажеттілігі бар қызды зорлап, жасырын ота жасаған


Жәбірленушінің анасы дабыл қағып, еркіндікте жүрген күдіктінің кейбір туыстарының көмегімен өзіне қысым көрсетіп, тіпті өзіне қол жұмсаймын деп қорқытқанын айтқан еді.  

“Мен отбасым мен балаларым үшін алаңдаймын. Президенттен бұл істі өз бақылауына алып, кінәліні заң аясында ең қатаң түрде жазалауын сұраймын”, – деген еді жәбірленушінің анасы.  

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша іс қозғалып, ол қамауға алынған еді.

Айым Болатқызы
Сейсенбі, 19 Тамыз, 2025 08:45
Талқылау