Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім жол апатына түсті: Оған ең төменгі айыппұл салынды

17 жастағы жасөспірім куәліксіз жүргізіп, апатқа ұшырады

Фото: Жасанды интеллект көмегімен жасалды

Таразда жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған 17 жастағы жасөспірім жол-көлік оқиғасына түскен. Оған 39 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2025 жылдың тамыз айында 17 жастағы жасөспірім Audi C4 маркалы көлікті заңсыз басқарып, жол қозғалысы ережелерін бұзған. Соның салдарынан ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан Volkswagen Jetta автокөлігімен соқтығысып, зардап шеккен жүргізушіге материалдық шығын және жеңіл дене жарақатын келтірген. 

Сот қараған іс әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабының 3-бөлігіне (көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы) сәйкес қозғалған. Сот барысында жасөспірім өз кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды өтеуге дайын екенін айтты. Сот оның алғаш рет құқық бұзғанын және шын жүректен өкінгенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді.



Негізінде, бұл бап бойынша 60 АЕК (яғни, шамамен 235 920 теңге) көлемінде айыппұл көзделген. Алайда, Қазақстан заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарға ең көп дегенде 10 АЕК мөлшерінде ғана айыппұл салуға болады. Сондықтан сот жасөспірімнің анасына 39 000 теңге айыппұл салу туралы шешім қабылдады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 16:54
Талқылау