Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Жанболат пен Жазираны өз әке-шешесіне ұқсатты (фото)

Салтанат Қалиева өзінің туған ата-анасын Жазира мен Жанболатқа ұқсатты.

16122946_148472285655314_7980221021774938112_n

Фото: instagram.com/kaliyeva_saltanat_/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын Салтанат Қалиева Жазира Байырбековамен түскен суретін жариялады. Аталған суретке олар бояусыз түсуді жөн көрген екен. “Жазек пен Жанболаттың осында келгеніне қуанып кеттім. Құдды бауырларымды көргендеймін. Өзім өте-мөте жақсы көретін Жазирамның шашын-ай деп бір партия өзіме өлшеп көрдім. Қыздар бұл суретті түсінер деген оймен сәлем жолдаймыз” деп жазды Салтанат Қалиева суреттің тұсына.

Жұлдыздар бұл жолы “Сарыағаш” шипажайында демалуды жөн көрген екен. Аталған шипажайға Салтанат Қалиеваның ата-анасы да барған-ды. “Негізі мен артық болып тұрған сияқтымын, иә? Жанболат әкеме, Жазек анама масқара ұқсайды екен”, – дейді тележүргізуші.

16123367_657448751125870_4620693818977550336_n

Оның сөздерін желі қолданушылары да қоштай түсті.  “Сіздің анаңыз – өте сұлу әйел. Алла ұзақ ғұмыр мен денсаулық нәсіп етсін”, “Аяқ киіміңіз біртүрлі екен. Әдемісін сатып алсаңызшы. Сіз жұлдыз емессіз бе?”, “Сіз әкеңізге ұқсайды екенсіз”, “Бұл Жанболаттың ата-анасы ма? Әлде Жазираның ата-анасы ма?”, “Өзіңіз де, ата-анаңыз да әдемі екен”, “Иә, суретте артық болып тұрсың” деп жазады олар.


Жіберіп алмаңыз:

Диана Шарапова шымкенттік бойжеткенді лүпілімен таңғалдырды (фото)

Желідегілер суретте омырауы көрініп қалған Айсәуле Бақытбекті сынады (фото)

Бала Димаш қандай болды: Димаш өмірге келерде әжесіне аян берілген (фото)

Қазақстандық ақын Димаш Құдайбергеновке өлең арнады (фото)

Талқылау