Танымал отандық әнші әйелі мен ұлы бар екенін мойындады
“Арай” тобының әншісі Медет Көжекбаев алғаш рет әйелі бар екенін мойындады. Осы уақытқа дейін жанкүйерлерін жоғалтып алудан қорыққан өнер иесі отбасылы екенін жасырып келген.

Бұл туралы Stan.kz “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Басында қорқасың. Жанкүйерлерді жоғалтып аламын деген ой болды. Кейін түсіндім, шынайы жанкүйер оған қарамайды. Қашанғы жасырамын, оны жасырғаннан не пайда? Ұлымның, әйелімнің бар екенін айтып отырмын бүгін бірінші рет”, – деп ағынан жарылды өнер иесі.
Сұхбат барысында Медет жұбайы туралы сыр шертті.
“Есімі – Құралай. Ол төрге сүйрейтін әйел қауымының қатарынан. Ешқандай екіжүзділігі жоқ. Турасын айтып отырады, көңілге, ештеңеге қарамайды. Менде де талай қиын сәттер болды. Сол кезде менің бір түсінгенім, әйелің болса, қасыңда сол ғана қалады. Соңына дейін баратын сол”, – дейді Медет.
Жұбайына риза болған әнші жақында оған арнап ән жаздырған. Туынды – “Адал жарым” деп аталады. Сезімге толы ән Медеттің өзіне де, жанкүйерлеріне де қатты ұнаған көрінеді.
“Қыздар естіп, тіпті жылап жатыр”, – дейді Медет.
Айта кетейік, Медет Көжекбаев 2017 жылы ұлды болды. Әншінің өзі құпия ұстағанымен, оның балалы болған әріптесі Нұржан Керменбаев айтып қойды.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады