Танымал қазақстандық КВН-шілер соңғы рет сахнаға шығады
Танымал қазақстандық командалар сапында ойнаған КВН-шілер 1 шілде күні Астанада соңғы рет КВН сахнасында өнер көрсетпек.
Бұл туралы “Астана.kz” командасының қатысушысы Мәлік Хасенов желідегі парақшасында жария етті.
“1 шілде күні біз КВН-ші ретінде соңғы рет Қазақстан концерт залының сахнасына шығамыз. Құмар КВН жоғарғы лигасында 2000 жылдан бері ойнады, Тұрсынбек 2002, Нұрлан Қоянбаев 2004, мен және Санат 2007 жылдан бастап. Қазақстан КВН-нің тарихы фотодағы адамдармен байланысты”, – деп жазады Хасенов.
Ол сондай-ақ, Астанада “РУДН құрамасының” капитаны Сангаджи Тарбаевтың да келгенін айтады. Ол сөз соңында көрермендерге 1 шілде күні керемет әзіл сыйлайтындарын айтып аяқтайды.
Оқи отырыңыз:
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен босатылды
Әли Оқапов “өнертану ғылымдарының магистрі” атанды (фото)
Қайрат Нұртасқа еліктеген Жігер Ауыпбаев әкесінен жұлдыз жасамақ
Қыдырәлі Болманов Астана әкімінен мадақ сөз естігенін айтып мақтанды