Танымал әнші Қостанай әуежайында есінен танып қалды
Танымал ресейлік әнші Виктория Дайнеко Қостанай әуежайында төлқұжат бақылауынан өту кезінде есінен танып құлап қалды.
Бұл туралы әнші өзінің желідегі парақшасында жазған. Артынша фото мен мәтін парақшадан алынып тасталғанына қарамастан, оқиға туралы ақпарат тарап үлгерген.
7 дней.ru сайты таратқан ақпарат бойынша, әншінің қан қысымы төмендеп кеткендіктен, құлап қалған. Артынша тәттілер жеген әншінің денсаулығы қайта қалпына келіпті. Сондықтан ол жоспарлаған концертіне ойдағыдай қатысып шыққан.
Оқи отырыңыз:
Абай Бегей 105 жастағы әжейдің батасын жариялап, елді сүйсіндірді (видео)
“91” тобының 100 мың АҚШ доллар жұмсалған фильмін көруге келген қыздар жаппай жылады “фото)
Марат Омаровтың екінші әйелі отбасында бақытты болудың сырын ашты
Талқылау