Танысына жала жапқан: Ақтөбеде "тоналған" қыздың өтірігі әшкере болды
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласының 26 жастағы тұрғыны жалған қылмыс жасағаны үшін жауапқа тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полициядан хабарлағандай, бойжеткен полицияға 1 қыркүйекте өзін көшеде тонап кеткені туралы арыз берген. Айтуынша, белгісіз біреу велосипедпен келе жатып оның сөмкесін ұрлап кеткен, жалпы шығын 10 мың теңгені құраған.
24 жастағы ақтөбелік тұрғын жарты сағат ішінде үш қылмыс жасаған
Тергеу барысында, іс жүзінде қызға қатысты тонау болмағаны және ол тонау фактісін ойлап тапқаны анықталды.
"Сол кеште ол жұмыстан шығып, танысымен кездескен, көлікте болған жанжал кезінде ер адам оны бетінен ұрған. Ашуланған қыз, көліктен шығып, сөмкесін сонда тастап кеткен. Үйге сөмкесіз оралған қыз әкесіне өзіне шабуыл жасалғанын, оны тонап кеткенін айтқан. Ал әкесі полицияға хабарласқан. Қазіргі уақытта тонау фактісі бойынша ісі тоқтатылды, қызға қатысты жалған айыптау бойынша шешім қабылданатын болады", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
