Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Танысым да, туысым да емес": Дина Төлепберген "Астарлы ақиқаттың" жаңа жүргізушісін таныстырды

Халықтың көзайымына айналған “Астарлы ақиқат” бағдарламасына су жаңа жүргізуші келді. Оны Дина Төлепберген таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/dina_tolepbergen/

Журналистің сөзінше, бағдарлама тізгіні Бердімұрат Хасенұлында болмақ. 

“Танысым да, туысым да емес. Мен үшін бастысы – талап пен тер. Есіңізде болсын, адал еңбек ескерусіз қалмайды! Кезінде "поледегі" қарапайым журналистен прайм-таймдағы бас бағдарламаның жүргізуші, продюсеріне дейін көтерілген менің жолым – соған дәлел. Ізбасарым 6 жылдан астам бағдарлама сарапшысы болды. Бұған өзіңіз куәсіз", – деп жазды экс-жүргізуші.

 


Айтуынша, отандық телевизия саласына тың серпіліс керек екен. 

“Менің ойымша, телевизияға эволюция мен революция керек. Ол үшін белгілі бір сала мамандарының (узкий спецалист) жүргізуші болғаны жөн. Ал Бердімұрат – заңгер. Есесіне, заңды тұрғыдан, адами ақылмен, әке, күйеу көзқарасымен Отанға , отбасыларға оң жағдай жасайды деп білемін…
Ал Бердімұрат, артылған үмітті сөндірме, елдің барын баптап, жоғын жоқтайтын жан болғайсың!”, – сәттілік тіледі журналист. 

Еске салайық, Дина Төлепберген “Астарлы ақиқат” жобасынан кеткенін мәлімдеген еді. 

Талқылау