Танымал ресейлік тиктокер Қазақстанға көшіп келді
Танымал ресейлік тиктокер Даня Милохин Ресейден Қазақстанға көшіп келді. Көрші елде әлеуметтік желілер бұғатталғаннан кейін, жігіт шығармашылық пен табыс көзінен айырылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Милохиннің Ресейден кеткені жуырда белгілі болды. Ол Қазақстанда тұратын продюсері Ярослав Андреевтің жанына келген. Ол өз кезегінде сәуір айында Отанын тастап, тиктокерге баспана дайындаған. Тиктокердің достары да Қазақстанға қоныс аударған.
Жастар Алматыдан зәулім үй жалдап үлгерді. Оны Dream Team House деп атады. Даня жақын күндері елордада достарымен бірге концерт өткізуді жоспарлап отыр.
Ал қазіргі уақытта блогер Алматыда қыдырып жүр. Оқырмандарымен белсенді түрде суретке түсіп, Ресейден кеткен "Старбакстан" кофе ішуде. Ол Telegram-арнасында Қазақстанда тұрудың ерекшеліктерімен бөлісіп жүр.
Блогер Қадырбаев: Назарбаев мектебін бітірген 140 түлектің ішінде жалғыз өзім грантқа түспей қалдым
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ