Танымал ресейлік блогер Гусейн Гасановқа халықаралық іздеу жарияланды
Фото: Жеке парақшадан алынды
Ресейдің миллиондаған оқырманы бар танымал блогер Гусейн Гасанов алаяқтық және қаржы жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы қылмыстық іс бойынша 7 жылға сотталуы мүмкін.
Ол ірі көлемде қаржы жымқыру және ақшаны заңдастыру (Қылмыстық кодекстің 174-бабы, 4-бөлігі) қылмыстық ісі бойынша күдікке ілінді. Сот оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарды. Бұл бап бойынша оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төніп тұр.
Mash деректеріне сүйенсек, өзін "табыстың" жақтаушысы ретінде көрсететін Гасановқа қатысты іс 2025 жылдың 23 сәуірінде Чертанов сотына түскен. Сот материалды қарап, оған сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын бекіткен. Қазір ол іздеуге берілді.
Гусейн Гасанов 2024 жылдан бері Ресейде тұрмайды, кей деректерге қарағанда, ол Әзірбайжанға қоныс аударған. 2024 жылғы маусымда Мәскеу қалалық салық қызметі Гасановты сотқа берген – оның мемлекет алдындағы қарызы 145 миллион рубльге жуықтаған. Осыдан кейін оның мейрамхана бизнесі мен тағам жеткізу қызметімен айналысатын компанияларының есепшоттары бұғатталған.
-
"Мерзімі өткен тауарларды іздейді": Қазақстандық блогерлер дүкен иелерін бопсалап, ақша алып отырған
-
Заңсыз автокөлік ұтыс ойынын ұйымдастырған қазақстандық блогер сотталды

Қазақстанда өсіп, Тәжікстанда төмендеп жатыр: ТМД елдерімен қосылған құн салығын салыстырып көрдік
