Танымал отандық әнші қарындасын ұзатты (видео)
"Меломен" тобының әншісі Қайрат Мырзаханов қарындасы Сандуғашты ұзатты. Ол қарындасына арнап ән орындады, деп жазады Stan.kz.
Ұзату той Семей қаласындағы ең ірі мейрамханалардың бірінде өткен.
"Меломендік" сері тойда ән салған сәтін желідегі парақшасында жариялады.
"Сандуғашым, бақытты бол", - деп ақ тілегін білдірді ол.
Соңғы кездері танымал азаматтардың ұзатуда ән шырқауы дәстүрге айналып барады. Бұған дейін "Жігіттер" тобының әншісі Айдар Тұрғанбек ұзатуға арнап ән жаздырып, елден біраз сөз естіген болатын. Қайратқа да жағымсыз пікір қалдырғандар табылды.
"Енді еркектер сыңсу айтса болды ғой. Той бизнеске қатты берілген екен əншілер", - деді оқырмандардың бірі.
"Еркек қыз ұзатпайды", - деді екіншісі.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн