Танымал қазақстандық журналист өмірден өтті
Танымал журналист Қалыбек Атжан коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Қалыбек Атжан 1954 жылы Жамбыл облысында дүниеге келді. Еңбек жолын "Лениншіл жас" газетінен бастаған ол 40 жылға жуық уақыт телерадио саласында қызмет атқарды. Қазақ радиосында аға редактор, "Хабар" агенттігінің тілшісі, "Қазақстан" РТРК АҚ-ның Шымкент, Тараз филиалдарының директоры, Ұлттық арнаның аймақтағы тілшілер қосынының жетекшісі болды.
"КСРО телевизиясы мен радиосының үздігі", Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері, Қазақстанның Мәдениет қайраткері.
Талқылау

Қазақстандық әйел шетелдік күйеуінің кесірінен 2 жасар қызымен табыса алмай жүр
Бүлдіршін ағылшын тілін білмейді, сондай-ақ жүрегі ауырады

500 миллиондық пәтер мен су жаңа көліктер ойнатуда: Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен