AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық продюсердің жетінші баласы дүниеге келді

Танымал қазақстандық продюсер Жан Мұқановтың отбасында үлкен қуаныш. Мұқановтың жетінші перзенті дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жан Мұқанов Рамазан айының соңында қызды болды. 

"Бүгін сағат 10:19-да осы қасиетті айда, әлемдерді Жаратушының қалауымен қызды болдым. 

Оның тегі Жан болады, ал есімін Ханзада деп қойдық. 

Жан Ханзада, қызым, менің ханшайымым, осынау бір керемет әлемге қош келдің", –  деп жазба қалдырды продюсер желідегі парақшасында. 



Сондай-ақ Мұқанов өзі жеті перзент сыйлаған жұбайына алғыс айтуды ұмытпады. 

"Менің өмірлік махаббатым, қаншырым, сый жасауды біледі. Мен және біздің балаларымыз үшін жасайтын әр әрекетіңе рахмет", – деді Мұқанов. 

Қазақстандық жұлдыздар продюсерді жарыса құттықтады. 

"Бауы берік болсын", – деді Мөлдір Әуелбекова. 

"Ғұмырлы болсын", –  деді Айнұр Тұрсынбаева. 

"МашАлла, ғұмырлы қыз болсын, бұрымды қыз болсын", - деп ақжарма тілегін білдірді Төреғали Төреәлі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр