Танымал футболшы Дэвид Бекхем өз Instagram парақшасын Харьков перзентханасының дәрігеріне берді
Танымал футболшы Дэвид Бекхем 72 миллион жазылушысы бар Instagram парақшасын уақытша Харьков перзентханасының дәрігеріне беру туралы шешім қабылдады. Ол UNICEF-пен бірлесіп, Украинадағы арнайы операциядан зардап шеккендерді қолдау мақсатында қаржы жинамақшы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Fontanka.ru басылымына сілтеме жасап.
Дэвид Бекхем 20 наурызда жазба жариялап, өзінің парақшасын Харьковтегі перинаталды орталық басшысы Иринаға беретінін айтқан. Бұл орталықта әскери іс-қимыл кезінде әйелдер босанады.
"Менің парақшамды бақылап, Ирина және өзге де дәрігерлердің Украинадағы өмірді сақтау үшін атқарған жұмысы жайлы көбірек білесіздер. Өтінемін, UNICEF-ке көмек көрсетіңіздер", – деді ол өз жазылушыларына.
Айта кетейік, бұған дейін Украинада бірнеше партияның қызметін тоқтатқанын хабарлаған едік. Бұл жайлы президент Владимир Зеленский айтқан.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”