Таңғы асқа дейін бе, кейін бе: Тісті қай уақытта тазалаған дұрыс
Тісті таңғы асқа дейін тазалау керек пе әлде таңғы астан кейін тазартқан дұрыс па? Бұл сауалдарға көп адам түрлі пікір айтып пікірталасып жүр. Осы тұста тіс дәрігері және периодонтолог Егана Маруфиди бұл сұраққа жауап беріп, тісті тазалайтын ең тиізмді уақытты атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sport24 порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Тісіңізді тазаламай тұрып таңғы ас ішуге бола ма?
Заманауи зерттеулерге сүйенсек, таңғы ас алдында тісті тазалау ұсынылады. Себебі адам ұйықтап жатқан кезінде сілекей ояу кезіне қарағанда өте аз шығарылады. Сілекей бактерицидтік қасиетке ие болғандықтан түнде оның жетіспеушілігінен ауыз қуысында бактериялар белсенді түрде көбейеді. Сондықтан таңертең тұрғанда ауыз қуысынан жағымсыз иіс сезіледі. Егер таңғы ас алдында тіс жуылмаса бактериялар тағамдағы қант пен қышқылдармен әрекеттесуі мүмкін. Бұл олардың эмальға зиянды әсерін күшейтеді. Ал оянғаннан кейін тісіңізді жусаңыз тамақтану кезінде тістерге теріс әсер болмайды.
Тісті тамақтанғаннан кейін қанша уақыттан соң жууға болады?
Маман егер тамақтанғаннан кейін ауыз қуысын бір сергіту қажет болса, тіс тазаламас бұрын шамамен 30 минут күткен дұрыс екенін айтады. Себебі осы уақытта ауыздағы сілекей қышқылды табиғи түрде бейтараптандырып, ауыз қуысында қалыпты рН деңгейін қалпына келтіреді. Сонымен қатар маман мұндай кезде ауыз қуысын арнайы сұйықтықпен немесе сумен шаюға кеңес береді.
Тісті қалай дұрыс күту керек?
Тісті тазалау уақытынан бөлек, тазалау техникасына да назар аудару маңызды. Ең дұрысы, тісті кем дегенде екі минут тазалау керек.
“Соның ішінде тістің барлық беттерін: алдыңғы, артқы және шайнау бқлігін жақсылап тазарту қажет. Жағымсыз иіс тудыратын бактериялар жиналатын тілді де ұмытпаған жөн. Қызыл иекке зақым келтірмеу үшін жұмсақ қылшықты щетканы қолданыңыз. Эмальды нығайтуға және тіс жегісінің дамуын болдырмауға көмектесетін сапалы тіс пасталарын таңдаңыз.
Тіс дәрігерінепрофилактика үшін үнемі барып тұруды ұмытпаңыз. Олар ауыз қуысының денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Күніне екі рет тістеріңізді мұқият тазаласаңыз да, профилактикалық тексеру өте маңызды. Себебі тек мамандар ғана білінбей тұрған мәселелерді уақытында анықтай алады және сізге сәйкес келетін тіс күтімі бойынша ұсыныстар бере алады.”, – деді маман.