Таңғажайып оқиға: Келіншек тоғыз ай ішінде екі рет жүкті болған
Екі қыздың анасы басынан өткен таңқалдырарлық оқиғасын бөлісті.
Бұл туралы «7я.ру» басылымы жазды.
Әйелдің айтуынша осыдан 12 жыл бұрын, 27 жасында балалы болуды жоспарлаған. “Университетті тәмамдап, шетелде тәжірибе жинап, шетелдік компанияды жұмыс істеп, ғашық та болып үлгерген кезім еді. Отыз жасыма дейін бала туып алуды жөн көрдім”, – дейді кейіпкер.
Оның үстіне дәрігерлер оған тексеруден кейін “Өмірде бес оқу орнын тәмамдап, сан рет үйленуге болады. Бірақ, туған балаң мәңгілікке қалады” деп айтқан екен. Көп ұзамай әйел өзінің жүкті екенін түсінеді. УДЗ оның екі аптадан бері бір балаға жүкті екенін көрсетеді. Кейіпкер сол күні іссапардан оралған жігітімен жаңалығын бөліседі. Қуанышты жаңалықты жақындарының арасында атап өтеді.
Екі айдан кейін әйел дәрігерге қаралуға барады. Кенет дәрігер “Жарайсыз! Құттықтаймын! Сіз екі баланың анасы атанасыз” дейді”. Дәрігердің сөзіне таңқалған келіншек оны ұрыса бастайды. УДЗ нәтижесін мұқият қарауды сұрайды. Бірақ, қайта тексеру әйелдің екі балалы болатынын көрсетеді.
Көп ұзамай келіншек ең мықты маманның қабылдауына жазылып, істің мән жайын анықтауға тырысады. Көптеген анализ тапсырып, қайта тексеруден өтеді. Жүктіліктің 26-аптасында дәрігер генетикалық экспертизадан өтуге кеңес береді.
“Ішімді бір таңғажайып аппараттың көмегімен тексерді. Нәтижесінде “Сіздің бір сәбиіңіз екіншісімен тамақтанып жатыр. Сол себепті, бір сәбиді алып тастаған дұрыс” деп айтты дәрігерлер. Бірақ, мен бұл шешіммен келіспедім. Дүние есігін ашып үлгермеген сәбиді мен қалай өлтіремін”, – дейді келіншек.
Ұзақ тексеруден кейін дәрігер 30 жылдық тәжірибесінде мұндай жағдаймен екінші рет кездесіп тұрғанын айтады. Ғылым тілінде мұны “суперфетация” деп атайды екен.
Суперфетация дегеніміз – жүктілік кезінде аналық жұмыртқаның екінші рет ұрықталуы. Әдетте ол жүктілікке 24 күн толған кезде болады. Дәрігер мұндай жүктілік кезінде кемшіліктердің болуы мүмкін екенін айтқан. Нәтижесінде келіншек кесаревоның көмегімен салмағы 2 400, 2 600 грамм болатын екі сәбиді дүниеге әкелген. Дәл қазір 11 жасар қыздардың жағдайы жақсы.
“Өзге әйелдер секілді мен де ана болғаннан кейін көп нәрсені түсіндім. Араға 12 жыл салып әлгі дәрігердің сөздерін еске алып отырмын. Бүгінде 11 жасар қыздарым Алиске мен Маргоның жағдайлары жақсы. Барлық сұраққа дұрыс жауапты тек ана жүрегі бере алатынын енді ғана түсіндім. Махаббат пен үміт қана таңғажайып жасай алады. Алдағы уақытта бұл оқиғаны оларға да айтып беремін деген ойдамын”, – дейді келіншек.
Жіберіп алмаңыз:
50 жастағы ананың ұлдарымен түскен суреті жұртты шулатты (фото)
Анасының даусын алғаш естіген құлағы керең нәрестенің қылығы көпшілікті жылатты (видео)
Ислам Каримовтың қызы ешкім күтпеген суретін жариялады
Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)