Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамыздың басында күшті жаңбыр жауып, жел күшейеді

Тамыз айына ауа райы болжамы жасалды. Еліміздің кей жерлерінде күшті жаңбыр жауып, желдің күшеюі күтілeді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ауа райы

Тамыз айында жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік – шығыс және шығыстағы кей жерлерде нормадан аз болады деп болжануда.

Бірінші онкүндіктің ішінде республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде күшті жаңбыр жауады. Сондай-ақ желдің күшеюі күтілeді. Тек республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады дейді синоптиктер.

Батыста, солтүстік-батыста 15...25 жылы, солтүстікте 17...25 жылы, орталықта 25…33 жылы, шығыста 30 ... 38 жылы, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 30...38 жылы.

Ал айдың бірінші онкүндігінің ортасында жылы ауа массасын шығарумен бұлттылықтың ашылуы мен ауа температурасының көтерілуі күтілуде:
батыста, солтүстік-батыста 23...31-ге дейін, солтүстікте 25.33, орталық пен шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 41-ге дейін жылы, оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33.39, кей жерлерде 43-ке дейін жылы болады. 

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбырлы күн ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауымен ауыстырылады деп болжайды синоптиктер. Алайда, консультативтік болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай айтарлықтай түзетулерге ұшырауы мүмкін.
 

Талқылау