AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
AAPL
149.32 $
0.46 %
TSLA
1018.43 $
-0.63 %
NDAQ
201.48 $
-0.01 %
GOOGL
2786.17 $
1.35 %
FB
315.81 $
-3.92 %
FRHC
66.35 $
-0.41 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар: Аяғым ұшып қолыма түскенде әкем еш уайымдамады

Тамара Асар әкесінің өмірде сабырлы, анасының өте сауатты жан екенін айтады. Адам басына жазылған тағдырды көреді. Маңдайыңа жазылған тағдырға көнесің. Әнші әкесінен осындай сөздерді естіп өскен. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Асыл арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

“Менің әкем өте сабырлы жан. Ешқашан асылық сөйлеген емес. Адам баласы тағдырына жазылғанын көреді деп жиі айтатын. Мен жол апатына түсіп, аяғым қолыма ұшып түскенде әкем уайым қылған жоқ. Сабырлық танытты. “Маңдайыңа жазылғаны сол болған” деді. Анам әкемнің сабырлығына таңғалды. Мен шарасыздық танытқанда әкем солай жұбатты. “Адам маңдайына жазылғанды көреді. Бұл – тағдыр” деп басу айтты. Мен де солай деп қабылдадым. Бала күнімде “мен әнші боламын, мен сахнаға шығам дегенде” әке “маңдайыңа жазғанда көресің, тағдырыңа жазылса, әнші боласың” деп отыратын. Мен айнаға барып маңдайымды қарайтынмын. Шынында не жазылда екен деп таппайтынмын”, – деді әнші. 

Тамара Асар өз бойындағы батылдықтық әкеден, шешендіктен анадан дарығанын айтады. Әкесі өте батыл кісі болса, анасы сауатты, сөзге шешен, көзі ашық жан. 

“Мені бәрі мықты деп айтады. “Сен қандай мықтысың” деп таңғалады. Мен мықты емеспін. Менің әкем мықты. Мен әкемнің арқасында мықтымын. Анамның қасында емес әкемнің қасында көп жүрдім. Себебі қыздың кенжесімін. Алдымда ұл, артымда ұл болған соң майлы қыз деп мені еркелетті. Солай мықты болып өстім. Сөз қадірін анамнан үйрендім. Баланың мықты болуы ата-анасынан. Бойға дариды, тәрбиемен келеді”, – деді Тамара Асар. 

Әншінің анасы дастан-жырларды, ертегі-термелерді жатқа біледі. Сөз қадірін ертеден ұққан жан. Қызын өсек-аяңға ермей, асылық сөйлемей өсуге баулыған. Бұл жайлы әншінің өзі айтты. 

“Анам бүкіл дастан-жырларды, эпостарды жатқа біледі. Ертегілерді жатқа айтып отырады. Қаншай кітап оқыған. Бірақ онысын мақтанып айтпайды. Үндемей отырады. Сөйлей алмайтын адам секілді отыра береді. Ал сөз келгенде бәрін айтады. Қазір бір кітап оқыса, соны ертесі желіге жариялап жар салып шығатындар көп қой. Ал менің анам мүлде басқа адам. Біреу жайлы артық сөз айтсаң тыйып тастайтын. Өсек айтпа деп ұрсатын. Солай өстік. Тәрбие адамға берілетін ең баға жетпес байлық. Мен сонымен сусындап өстім”, – деді әнші. 


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр