Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жамбыл облысында аш сарбаздардың видеосына қатысты деректер белгілі болды

Жамбыл облысында жергілікті бөлімде Отан алдындағы борышын өтеп жатқандардың жағдайы қызу талқыға түсті. Желіде сарбаздардың түскі ас пен кешкі асқа шағымданып жатқаны айтылатын видео таралды. Оларға тағам ретінде берілетін сорпасы ботқа іспеттес. Сондай-ақ, тамақ бәріне жетпейтін көрінеді. Осыған байланысты арнайы комиссия оқиға орнына аттанған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеода сарбаздар өздеріне берілетін шұжық пен ірімшіктің 17 адамға аз екенін айтады. Сорпаны әдетте табақтан қырып алып ішу керек. Сүт атымен жоқ. Оларға сүт беру тиісті емес деген жауап еститін сыңайлы. 


Төсекке сыймайды: Жамбыл облысында бойы ерекше ұзын сарбаз әскери борышын өтеп жүр 


Алайда белгілі болғандай, бұл жазба екі жыл бұрын түсірілген болып шықты. Содан бері мекеменің тамақтану қалпы реттелген. Қорғаныс министрлігі мұндай қиындықтар әлі де болып тұратынын айтып өтті.  Сөздерінше, мұның бәрі әскери бөлімдерді тамақпен қамтамасыз ету конкурсында жеңіске жеткен жауапкершілігі жоқ ұйымдардың кесірі.


Төрт түліктің қасында түнепті: Қашқын сарбаз оқиғаның қалай болғанын түсіндірді 


"Сапасыз қызмет көрсету жағдайлары орын алуда екені өкінішті. Әрбір факті бойынша іс жүргізіліп, тиісті талаптар қойылады. Аталған факті бойынша 2019 жылы тиісті жұмыстар уақтылы жүргізілді. Луговой гарнизонында тамақтану мәселесі шешілді", - дейді ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі Ғани Нүсіпов.

 

Талқылау