Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тамақ, су бермей жазалады": Алматыда қайырымдылық мекемесінің өкілдері жас қызды суицидке мәжбүрлеген

Алматыда қайырымдылық мекемесінің өкілдері жас қызды суицидке итермелеген. Қазір бұл мәселе әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Ал полиция деректі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қылмыстық іс қозғалғаны хабарланды.  Әлеуметтік желіде тараған бұл бейнежазбада жантүршігерлік оқиғаның "Аманат" әлеуметтік балалар үйінде болуы мүмкін делінген. Алайда, аталған мекеме әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Айтуларынша, мұнда ешқандай заңбұзушылық болмаған және полиция қызметкерлері тек тексеріс жүргізуге келді дейді.

“Жалған ақпарат. Қазір полиция департаментінен келіп, тергеу жүргізіліп жатыр. Остановкадан бір кісі түсіріп, жалған ақпарат таратып жатыр. Біз оны міндетті түрде сотқа береміз. Оқиға "Ғазиза ана" деген мекемеде болған. Бізге қатысы жоқ”, – дейді “Аманат” әлеуметтік балалар үйі-интернатының басшысы Азамат Мұқанов.

Оқиғаның "Ғазиза ана" қайырымдылық мекемесінде болды деген апарат бар.

“Көрші болып тұрамыз. Бұл мекемеге шағым түскенін естіген емеспін. Негізі, ауданымыз тыныш. Ондай шуды естімедім. Кішкентай балалар мүлдем көрген емеспін бұл жерден. Ересек қыз-келіншектер жүреді көбінесе”, – дейді қала тұрғыны Гүлжазира.

Еске салсақ, пансионатта жүргізілген тінтулер шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдарының, оның ішінде Қазақстанда экстремистік деп танылған және таратуға тыйым салынған материалдардың табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Мекемеде кәмелетке толмағандарды күштеп діни жоралғыларға қатыстырған. Қарсы болған жағдайда оларды ас-судан айырған. Салдарынан 2005 жылы дүниеге келген жас қыз өзіне-өзі қол жұмсады. Оқиғаға қатысты ҚК-тің 105 - бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

“Бұл пансионаттарда тұратын кәмелетке толмағандар жүйелі түрде діни жоралғылар мен ұжымдық дұғаларға қатыстырылды. Бұған көнбеген балаларға тамақ, су бермеу арқылы жазалаған, кей жағдайда физикалық күш қолданылған. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, тергеу мүддесіне сай басқа мәліметтер жария етілмейді”, – дейді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жас қызды суицидке мәжбүрлегендер анықталса, үш жылға дейiн бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау
Пікір
Елісханұлы Ержанат
01 Ақп, 23 жыл - 21:48

Бұл жалған ақпарат мекеме жайлы естігенмін көрген көргенмінде ол жерде мұндай бассыздық жоқ жалған ақпараттт