Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамақ істетіп, киім-кешегін жуғызған: Қарағандыдағы балабақша директоры қызметкерлеріне үйінің жұмыстарын істеткізген

Қарағандыда "Айналайын" балабақшасының директоры қызмет бабын асыра пайдаланғаны туралы қызметкерлердің шағымынан кейін босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі  "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, директор техникалық қызметкерлерді өз үйінде жұмыс істеуге мәжбүр еткен.

Аспазшылар бастығының отбасына оқушыларға арналған өнімдерден тамақ дайындаған. Кір жуатындар оның киім-кешегін, ал қалғандары – едендер мен терезелерді жуған.

Директордың озбырлығынан жалыққан тәрбиешілер бүкіл ұжыммен білім бөліміне шағымданды.

Ведомствода әйелді балабақша басшысы қызметінен босатқанын хабарлады.

STAN.KZ
Бейсенбі, 24 Желтоқсан, 2020 21:28
Талқылау