AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәліптерден қашқан бір топ этникалық қырғыз Ауғанстаннан Тәжікстанға өтіп кетті

Ауғанстанда Талибан жауынгерлері мен республиканың үкіметтік әскерлері арасында қанды шайқастар жалғасуда. Этникалық қырғыздар тыныш өмір іздеп Тәжікстанға қашып кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кеше Ауғанстанның Бадахшан провинциясына қарасты Андемин қыстағының 77 тұрғыны (соның арасында 26 ер адам, 20 әйел және 31 бала) тәлібтер тарапынан төніп тұрған қауіп себебімен өмірлерін сақтап қалу мақсатында Мургаб ауданындағы Кизил-Кабот ауылдық джамоатының учаскесі арқылы Тәжікстан Республикасының аумағына өтті.

Тәжікстан Республикасы шекарашылары ізгілік пен тату көршілік принциптерін басшылыққа ала отырып, ауған босқындарына Тәжікстан Республикасының аумағына өтуіне рұқсат берді. Қазіргі кезде босқындар осы елдің Мургаб ауданындағы Кизил-Работ ауылдық джамоатының Андемин және Чештеба учаскелері аумағына орналастырылды. Босқындар өздерімен бірге малын (1000 бас қой-ешкі, 300 қодас, 3 түйе және 30 жылқы) айдап әкелген.

"Аталған шекара учаскелеріндегі жағдай Тәжікстан Республикасы шекарашыларының бақылауында", – делінген Тәжікстан Республикасы МҰҚК Шекара қызметінің баспасөз орталығы таратқан мәлімдемеде.


Тәліптер Ауғанстанда жүрген Түрік әскеріне шабуыл жасаймыз деп қорқытты


Айта кетсек, Ауғанстандағы жағдай күрделеніп Ауғанстанның қарулы әскерилері Өзбекстан мен Тәжікстан аумағына өтіп кеткен еді. "Талибан" қозғалысы Ауғанстандағы көптеген жерлерді басып алды. Сондай-ақ Тәжікстан Ауғанстанмен шекараны нығайту үшін 20 мың сарбазды әскерге шақырмақ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр