Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді
Қарияға дөрекі сөйлеп, мәдениетсіздік танытқан Төреғалидің әрекеті әлі де қызу талқылануда. Елді шулатқан сол оқиғадан кейін жұрт әншіні жаңа қырынан танығандай. Ал, Төреғалидің атынан Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен кісінің әлі де кім екені белгісіз. Бұл ретте әнші болған дауға қатысты алғаш рет пікірін айтты.
Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
“Қателеспейтін жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды. Бәріміз қателесеміз, бірақ бұл нәрсе бәрімізге сабақ болды деп ойлаймын. Өйткені сол нәрсені жасамау керекпіз. Кейінгі келе жатқан жастарымызға үлгі болуымыз керек. Көшенің әңгімесін сахнаға шығармауымыз керек. Біз мәдениетттің пұшпағын илеп жүргендіктен, мәдениеттің бетке ұстарлары болғаннан кейін халық бізге қарап бой түзейді. Бала-шағаларын біздер сияқты киіндіргісі келеді, біз сияқты болса екен деп ниеттенеді. Сондықтан елдің бетке ұстары болып жүргеннен кейін біз үлгі көрсететіндей адам болуымыз керек сияқты”, – деп бастады сөзін Талғат.
Жорабаев Төреғалидің атынан қоқан-лоққы көрсеткен кісі туралы айтты. Ол ел арасында тарап кеткен жазбаны әдейілеп жарияламағанын түсіндірді.
“Таратайын деп таратқан жоқпын. Алтынай: “Талғат, сол жазбаны алып тастай салшы” деді. Содан кейін Алтынайға: “Алтынай тыңдап көрші, мына кісілер осылай деп жатыр. Ары қарай өз ойыңды айтасың” дедім. Сонымен Алтынай тыңдап, қатты ашуланып отырып құрбысына жіберіп қойыпты. Содан кейін өздеріңіз де білесіздер, ұстай алмай қалдық. Таралып кетті”, – дейді Жорабаев.
Әнші бұл мәселені жабулы қазан күйінде қалдырғысы келетінін ашық айтты. Алғашқыда “Аллаға тапсырдым” деген ол ақыр аяғында ренішін жайып салды.
“Аузым бар екен деп, ондай сөздерді айту қажет жоқ. Кім болса о болсын. “Атағың айға жетіп тұрса да, Алланың алдында дәрменсіз құл екеніңді ұмытпа” дейді ғой. Бастарыңа бәлекет келсе, екі қолдарың мен тілдеріңнен көріңдер дейді. Сондықтан да адам тіліне сақ болып, мәдениетіне абай болу керек”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Алматыда бар-бар: Ерке Есмаханның сүйіктісін тапқаны рас па? (фото)
Димаш 5 жасында пианино тартқан сәтін жариялап, жұртты сүйсіндірді (видео)
Мақпал Жүнісова: Есікті аш, мен сені зорлаймын дегенге дейін барды
“Қоңыр” тобының бұрынғы әншісі: Жұрт ойлағандай опық жеп қалған жоқпын