Алматы қаласының полициясында да қызметтік тексеру басталды. Ведомство жерлеу кезінде қызметкерлердің салғырттық танытуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
“Егер Жетісу аудандық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылық белгілері анықталса, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Міндетті түрде тәртіптік жаза қолданылады. Қаза болған азаматтың туыстарының жанайқайын түсінеміз. Мұндай жағдайлар тәжірибеде мүлде болмауға тиіс”, – деді Алматы полицисының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Қазір марқұмның туыстары мәйітті қайта қазып алуды талап етіп отыр. Полиция қызметкерлері бұл рәсімді рәсімдеуге көмектесетінін мәлімдеді.
