Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талғампаздық пен технология: Allur жаңа брендті ұсынады

Премиум сегменттегі жаңа автомобиль брендінің сатылымға шығуына орай Алматыда баспасөз конференциясы өтті. 

Hongqi - FAW Group өндірушісінің люкс санаттағы автокөлік бренді.  Ол 65 жылдан бері нарықта және пайда болған күннен бастап сән-салтанатты, бедел мен жаңашылдықты айшықтайды. Hongqi брендінің тұжырымдамасы – жоғары сапалы қызмет көрсету үшін алдыңғы қатарлы ғылым мен технологияны эмоциямен үйлестіре отырып, дәстүрлі шығыс және әлемдік мәдениеттің терең интеграциясын білдіретін тектілікке, талғампаздыққа және сезімге баса назар аударуға негізделген. Көптеген Нongqi модельдері бірегей стилімен ерекшеленеді, мысалы, E-HS9 электркөлігі A’ Design Awards 2023 марапатының платиналы жеңімпазы атанды. 

Тарихи тұрғыдан алғанда, бұл брендтің модельдері мемлекет басшыларына, жоғары лауазымды шенеуніктер мен дипломаттарға арналған. Өйткені олар шектеулі мөлшерде шығарылған. Бүгінгі таңда Hongqi автомобильдері бүкіл әлемде коммерциялық жетістікке қол жеткізуде, дегенмен, брендтің әлі де ашық сатылымға шығарылмаған бірқатар машиналар сериясы бар.

"Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қытай бүкіл әлем бойынша, соның ішінде АҚШ-та да автомобиль экспорты бойынша көшбасшы болды. Бұл үрдіс өнімнің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты. Қазақстанда үздік 10 автоөндірушінің 5-еуі қытайлық брендтерге тиесілі. Біз Hongqi-дің рейтингтерде жоғары орынды иемденіп, өзінің лайықты бағасын алатынына сенімдіміз. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – клиенттерді сатудан кейінгі қызмет көрсетудің жоғары сапасына және бөлшектердің сенімді жеткізілуіне кепілдік беретін бірінші дәрежелі қызметпен қамтамасыз ету болып табылады", - деп атап өтті дилерлік желінің директоры Иван Стремаус.

Hongqi қазақстандық нарыққа 4 модельмен шығады: Hongqi H5 седаны, Hongqi HS5 кроссовері, Нongqi H9 өкілдік седаны және Hongqi E-HS9 электрлік кроссовері.

Hongqi H5 седаны жайлылық пен стильді бағалайтындар үшін талғампаз шешімді ұсынады. Ұзындығы 4985 мм, ені 1865 мм және биіктігі 1465 мм, сондай-ақ 2920 мм доңғалақ базасы бар бұл көлік – кең және сәнді интерьерді ұсынады. Оның күштік қондырғысында 224 ат күшіне тең екі литрлік турбо қозғалтқыш және 340 Н•м айналымы бар сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы пайдаланылған.

Тек толық жетекті Hongqi HS5 кроссовері заманауи дизайн мен жоғары өтімділікті ұсынады. Ұзындығы 4760 мм, ені 1907 мм, биіктігі 1700 мм және доңғалақ базасы 2870 мм болатын автомобиль қала көшелерінде де, жолдан тыс жерлерде де сенімділікті қамтамасыз етеді. Күштік қондырғысы Hongqi H5 седанына ұқсас, екі литрлік турбо қозғалтқышы және сегіз сатылы автоматты беріліс қорабы бар.

Hongqi H9 өкілдік седаны сәнді стилі және озық технологиясымен ерекшеленеді. Қозғалтқыштың бойлық орналасуына негізделген, классикалық түрде құрастырылған автомобиль кең интерьерді және тиімді гибридті күштік қондырғыны ұсынады. 48 вольтты стартер-генератормен жұмыс істейтін екі литрлік турбо қозғалтқышы бар Hongqi H9 245 ат күшін және 380 н•м айналымын қамтамасыз етеді. Артқы жетекті және 7 сатылы DCT автоматты беріліс қорабы бар автомобиль тегіс және қуатты жылдамдықты ұсынады. Hongqi H9 өлшемдері әсерлі: ұзындығы 5137 мм, ені 1904 мм және биіктігі 1493 мм, доңғалақ базасы 3060 мм, бұл оны басқа премиум көліктермен теңестіреді.

Hongqi-дің инновациялық ұсынысы –E-HS9 электрлік кроссовері. Толық жетекті (4WD) және жалпы қуаты 551 ат күшіне тең екі қозғалтқышы бар көлік алғашқы жүз метр қашықтықты 4 секунд ішінде бағындырады. NEDC әдісі бойынша бір зарядта диапазон 510 км құрайды, ал қуатты 10 минуттық жылдам зарядтау тағы 100 км-ді жүріп өтуге мүмкіндік береді.

Әрбір модельдің бірегей сипаттамасы бар, алайда, оларды ортақ артықшылықтар біріктіреді: стиль, инновация мен жаңа технологиялар. Бұл Нongqi-ге осы брендтің көліктері ұсынатын сән-салтанат пен сапаға біртұтас әсер қалдыруға мүмкіндік береді.

Сериялық өндіріс Қостанайда қаласының Allur зауытында жүзеге асырылатын болады. Осылайша, Қазақстан Hongqi брендінің алғашқы шетелдік өндірістік серіктесі болады.

Hongqi ресми дилерлік орталықтары осы жылдың шілде айында Астана мен Алматыда пайда болады. Бренд пен оның көліктері туралы соңғы жаңалықтарды Нongqi ресми сайтынан және әлеуметтік желілерден бақылай аласыз.

Талқылау