Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда телефонда көп отырма деп ескерту алған оқушы асылып қалды

Алматы облысында 7-сынып оқушысы өзіне қол салды.


Аталған фактіні қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов растады.

«Қайғылы оқиғаның болғаны рас. 7 сынып оқушысына ата-анасы ұялы телефонда көп отырма деп ескерту жасаған көрінеді. Санаулы уақыттардан кейін, яғни кешкі сағат сегіздер шамасында  қыз бала бөлмесінде асылып тұрған жерінен табылған. Қазір бұл іспен құқық қорғау органдары айналысуда. Қазір мектептерде  психологтар  қайғылы жағдайлардың алдын алу  мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр», – деді Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы.

Сондай-ақ Жолдыхановтың сөзінше қыз бала өте тәртіпті болған. Мектеп  ұстаздары өзіне қол жұмсаған оқушынының сабақ үлгерімі де жақсы болғанын айтқан.

Тағы да оқыңыз:

Кешір, ұлым: Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналистің атынан өлең жазып жұртты жылатты

Германияда Қазақстанның тумасы құрдасын пышақтап өлтірді

Талқылау