Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда бастығын атып өлтірген полковник марқұмның сөзін көтере алмаған болуы мүмкін

Тым талапшыл болғаны үшін ажал құшты! Өз кабинетінде оққа ұшып, тіл тартпай кеткен талдықорғандық полковникке қатысты Қорғаныс министрі осындай уәж айтты. Яғни, орынбасары марқұмның қатал бұйрықтарына төзбей, қылмыс жасауы мүмкін. Тіпті, Бердібек Берістемов пен күдікті бұрыннан дос болған екен. Бұл туралы КТК хабарлады.

Талдықорғанда бастығын атып өлтірген полковник марқұмның сөзін көтере алмаған болуы мүмкін

«Қос басшы әскери борыштарын бірге өтеген, қызметтес,тіпті, дос та болған. Бірақ, екеуінің арасында кикілжің туса керек. Оның үстіне қазір әскерге шақыру науқаны ғой. Бәрі қарбалас. Күдікті сол жұмыстарға жауапты болды. Сәйкесінше, оған күн сайын бұйрық түсіп отырған. Марқұм туралы жаман ештеңе айтқым келмейді. Десе де, ол басшы ретінде тым жоғары талап қойған болуы мүмкін»,-дейді ҚР Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.

Лауазымды әскерилер психологиялық сынақтан жиі өтіпті. Демек, ақыл-естері дұрыс болған. Марқұмның да, күдіктінің де бала-шағасы бар. Министр енді оларға қол-ұшын созамыз деп отыр. Әрі әскерилер арасында мұндай қанды қылмыстың алдын-алуға кірісіпті. Қайғылы жағдай 31-інші наурыз күні таңғы уақытта болған еді. Алматы облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы өз кабинетінде атылған. Көп ұзамай оны қасақана өлтірді деген күдікпен орынбасары Асқар Оспанов қамауға алынды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Оқи отырыңыз:

Қызылордада мектеп оқушысының құлағындағы сырғасын алдап шешіп алған көпбалалы ана алаяқтық қылмысы үшін жазаланды

Алматыда кіндік сепсисінен шетінеп кеткен сәбидің анасы ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр

Семейде той кортежінің жүргізушілері жазаланды

Қызылордада шенеуніктер президент шыршасында оқушыларға табысталуы тиіс ноутбуктарды бермей кеткен

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр