Қызылордада шенеуніктер президент шыршасында оқушыларға табысталуы тиіс ноутбуктарды бермей кеткен

Қызылордалық оқушылар жаңа жылда президент шыршасында берілуі тиіс сыйлықты әлі ала алмай жүр. Себебі балаларға ноутбуктің өзі емес сертификаты ғана табысталыпты.

Ал сыйлықты бүлдіршіндерге төрт ай бойы бермей жүргендерін ата-аналардың бірі хабарлады. Президенттің балаларға деген сыйлығын созбаққа салған биліктегілердің балаларды алдағаны барып тұрған бассыздық дейді ол, деп хабарлайды 31 арна.

Осыдан төрт ай бұрын президенттің шыршасына шақырту келгенде 7 сынып оқушысы Сымбат Ибрагимованың қуанышында шек болмапты. Кешке сәнді киімін киіп, қуана барған жеткіншекке көпшілік көзінше мерекелік сыйлық деп, ноутбуктің сертификаты табысталған екен. Алайда барлық балаға бұйырмайтын кештің сертификатта жазылған сыйлығын төрт ай бойы күтемін деп Сымбат ойламаған да.

Ал бес баланың жалғызбасты әкесі Ұлықбек Нұрекеев бұл жағдай биліктегілердің алдауы дейді.

“Бала ара-арасында сұрап қояды жаңағы президенттің сыйлығын. Айтарға ештеңе таппаған соң, гороноға звондаймын олар әрі-бері береміз деп төртінші ай кетіп бара жатыр”, – дейді  Сымбат Ибрагимованың әкесі Ұлықбек Нұрекеев.

Ал облыстық білім басқармасындағылардың сөзіне сенсек, сыйлықтың кешіктірілуіне себеп бар. Ол мемлекеттік сатып алудың бастапқы жеңімпазы болған мердігердің сапасыз тауар әкелуінен дейді басқармадағылар.

“Өзінің берген техникалық ерекшеліктеріне сәйкес келмеді. Біз оны қабылдамай, жеңімпазды сотқа бердік. Соттың шешімі кеше наурызда шықты. Сондықтан біз қайтадан екінші рет конкурс жарияладық”, – дейді Қызылорда облыстық білім басқармасының маманы Гүлсім Оразалиева.

Және мамандар конкурс аяқталса қызылордалық 200 оқушыға сыйлықтарды қайта үлестіретіндерін айтады. Ал өткен айды «кеше» деп сөйлейтін басқармадағылар осылайша соттасып жүргенде, көктем өтіп, жаз келетін сияқты.

Тағы оқыңыз: 

Жаңбыр, қар, найзағай: Синоптиктер алдағы ауа райының болжамын жариялады

Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Оралда коттедж баспалдағынан құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар