Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Олардың елді дүрліктіріп әрі әрекеттері әсерлі көріну үшін қолдарына қып-қызыл соусты өкірте жағып алғаны анықталған, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Қан емес, кетчуп екен: Таразда бір топ жігіттің тамырын кескендері өтірік болып шықты

Әділдікке жету үшін бұдан басқа амалымыз қалмады деген плакат ұстаған бір топ азаматтың видеосы ғаламторды шулатқан еді. Медициналық бетперде кигендер білектерін қан-жоса етіп, қыз зорлады деп айыпталған достары Бегзод Тошбулатовтың 7 жарым жылға жазықсыз сотталғанын айтып, оны ақтауды талап еткен.

Бұл наразылық акциясы билік пен құзырлы орындарды аяғынан тік тұрғызды. Шұғыл тексеру нәтижесінде қарсылық шарасына шамамен 15 адамның қатысқаны анықталған. Әзірге төртеуінің мектеп оқушылары екені белгілі. Өзгелерінің бет-жүздері көрінбегендіктен іздестірілуде. Дегенмен бірде біреуі жауапқа тартылмайды. Өйткені оларды алдап түсірген.

“Жамбыл облысы ІІД қызметкерлерімен бейнежазбадағы балалардың білегіндегі қанға ұқсаған дақтың кетчуп екендігі анықталды. Сондай-ақ, акцияны ұйымдастырушы сотталған Б.Тошбулатовтың туған әпкесі екендігі белгілі болды”, – дейді Жамбыл облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекші маманы Алма Ахметова.

Тағы оқыңыз: 

Оралда коттедж баспалдағынан құлаған 7 жасар бала көз жұмды

Бекболат Тілеухан: Жұлдызды арақ стаканына салып, түбіне дейін ішуді дәстүр деп жүргендер бар

Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар