Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Жұма күні орта жастағы ер адам  «Жұлыз» қорына ақша қалдырып, немерелерін бағып отырған әжейге жатақхандан бөлме алуды өтінген. Ол өзінің кім екенін көпке жариялауды қаламады.

Оралда есімін жасырған азамат көпбалалы отбасыға баспана алу үшін 1 млн теңге әкеп берді

Яна Плотникова 4 немересін жалғыз бағып отыр. Немерелерін туған анасы, өзінің үлкен қызы Елена тастап кеткен екен, деп хабарлайды Уральская неделя.

Немерелері әжесімен жатақхананың бір бөлмесінде тұрып жатыр. Бір жыл бұрын көршісі қайтыс болып, оның туыстары Яна әжейге үйін 1 млн теңгеге сатып алуға кеңес берген. Әжей мұндай қаражатты өздігінен жинай алмай, көпшіліктен көмек сұрады.

Екі күннен соң бейтаныс жан келіп, әжейге 1 млн теңге тапсырып кетті.

«Жомарт жан «Пасха мерекесіне орай әжейге сый жасағым келеді» деді. Әжей немерелерімен бірге баспаналы болады. Қазір құжаттарын рәсімдеп жатырмыз», – деді қайырымдылық қорының менеджері.

Тағы оқыңыз: 

Бекболат Тілеухан: Жұлдызды арақ стаканына салып, түбіне дейін ішуді дәстүр деп жүргендер бар

Басы дауға қалған Мұхтар Шаханов: Шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын

Өзімнің сұлулығыма таңғалам: Қайрат Нұртас әзіл айтып елді күлдірді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
23.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар