Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорған көшелерінде бірнеше азамат көкпар ұйымдастырды (видео)

Алматы облысының тұрғындары Талдықорғанның көшерінде көкпар ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 9 желтоқсан күні орын алған. Бірнеше ат мінген жігіттер түсіп қалған видео әлеуметтік желілерде жаппай тарап, қала тұрғындарының наразылығын  тудырған. Видеоны ерекше көкпарға қатысқандардың бірі түсірген көрінеді. Бейнежазба тұлпар тізгінін ұстаған бірнеше азамтаттың автокөліктер кетіп бара жатқан жолмен шауып келе жатқандығы байқалады. Артынша олардың бірі не үшін бұлай істегендіктерін түсіндіре бастайды. 

Көкпар қатысушыларының бірі бірнеше сағаттан соң қолға түсіпті.  Оның Текелі қаласының 27 жастағы тұрғыны екендігі анықталыпты. Кейін келе жол бойымен жылқыға мініп шаба жөнелгендердің барлығы ұсталыпты. 

"Оқиға байланысты Ескелді ауданының жеті тұрғыны ұсталды. Олар қала сыртындағы ауылда көкпар ұйымдастырған, артынша ер заматтардың құмары қанбай қалаға бет ауған. Қазіргі таңда олар жауапкершілікке тартылды", - деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Сейсенбі, 10 Желтоқсан, 2019 16:27
Талқылау