Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде грант ұтып алды

Талдықорғандық оқушы Гарвард университетінде білім грантының иегері болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Сезім Ертанатов заманауи компьютерлік технологияларды әлемге әйгілі беделді университетте оқығысы келеді.

Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы бірнеше жылдан бері бағдарламалауды жақсы көреді және әртүрлі веб-сайттар жасайды. Грант алу үшін Сезім барлық емтихандарды сәтті тапсырып, өзі туралы эссе жазды. Әлемнің түкпір-түкпірінен 55 мың адам беделді университетте оқуға өтініш білдірді.

Қатал таңдау мен бәсекелестіктің нәтижесінде қазақстандық оқушы 1500 жеңімпаздың қатарына енді.

"Болашақта мақсатым - Гарвард университетін ойдағыдай аяқтау. Ең жақсы, ең құнды тәжірибені алу. Мүмкіндігінше магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әрине, Қазақстанға ораламын", - деді Талдықорған қаласындағы НЗМ-нің 12-сынып оқушысы Сезім Ертанатов.


Қазақстанда биыл бакалавриат пен магистратураға қанша грант бөлінеді?

Талқылау