Талдықорғандағы мешіттердің бірінде ер адам имамды соққыға жыққан
Талдықорғанда мешітте төбелес шығарып, имамды соққыға жыққан деструктивті діни ағымның жақтаушысы ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дін қызметкері мен келушілердің бірі арасындағы оқиға маусым айының басында болған. Намаз кезінде исламның дәстүрлі емес бағытын ұстанатын бір топ ер адамдар имамға кедергі келтіріп, бірнеше рет сөгіс алған.
Осыдан кейін имам мен тәртіпті бұзушылардың бірі сөзге келіп, ер адам дін қызметкерін соққыға жыққан. Имам дәрігерлер мен полицейлердің көмегіне жүгінген.
Тәртіп сақшылары 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол ҚР ҚК 73-1 бабы “Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру” бойынша кінәлі деп танылды.
Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам жеті тәулікке қамауға алынды. Құқық бұзушы өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкінгені атап өтілді.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді