AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бір туған бауырлардың балалары бір-біріне үйлене алады": Қырғыз имамдарының пәтуәсі көптің талқысына түсті

Ахметбек Нұрсила қырғыз имамадарының пәтуасына қарсы шықты. Кәсіпкер бір туған бауырлардың балалары бір-біріне үйлене алады деген имамдардың сөзін түсіне алмай әлек. Бұл жайт көптің талқысына түсті. 

Бұл туралы кәсіпкер желідегі парақшасында жазды. 

“Мына имамдардың айтуынша ағайынды адамдардың балалары бір-біріне үйлене беруіне әбден болады екен. “Жеті ата өтпей үйленуге болмайды" деген сонда қазақтың надандығы ма? "Шымшық сойса да қасапшы сойсын" дейсіздер ғой. Сонда осы имамдарды, ислам ғалымдарын тыңдасақ не болғаны? Ұрпағымыз азғын болып кетпей ме?”, – деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Бұған көпшіліктің пікірі екіге бөлінді.

“Ол қазақтың мақалы, оның қырғыздың имамдарына түк қатысы жоқ”, – деп жазды заңгер Абзал Құспан. 

“Шынымен шариғат осылай дей ме? Онда бұл нағыз сорақылық!”, “Осылардың арасында ең ақылдысы, білімдісі марқұм Чубак қажы: ең соңғы видео дәлел: шариғат бір туғанның балалары үйленуіне рұқсат береді, алайда оған салтың қарсы болса алыстан алған дұрыс деп сөзін тәмәмдады. Сол себепті шариғат парыз етпеген нәрселерде әдет-ғұрыппен санасуды ислам жоққа шығармайды”, “Онсыз да бұлардың мақсаттары қазақты азғындату ғой, сананы улап, өкініштісі осыларға ұйып жүргендер көп”, “Сол арабтар таратып, уағыздап жүрген діннің өзі қазаққа керек нәрсе емес. Қазақтар өз ата салтымен, әдет-ғұрпын сақтаса ғана аман-сау қалады қазіргі жағдайда”, “Қырғыздардың имамы ау,біздің имамдар олай айтқанын көрмеппін”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Қазақта жеті ата түсінігі әуелден қалыптасқан. Бұл қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі. Бала өзінен бастап әкесі, атасы, бабасы, т.б., жеті атасының нақтылы есімдерін кішкентайынан жаттап өседі. Бұлардан тараған ұрпақтар бір атаның балалары саналады. Ал екінші жағынан баладан тарайтын ұрпақ әкеден төмен қарай жалғаса береді. Ағайындықтары Жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайды. Жеті атаға толған күннің өзінде, бір рудың жастары некелесетін жағдай туса, ру ақсақалдары бір пәтуаға келіп, боз биені сойып, баталасып барып рұқсат ететін болған.


"Жеті емес, 12 атадан қыз алысқан": Қазақтар не себепті қан тазалығын сақтайды және бұл не үшін керек?

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр