Шерзат Полаттың соты: Талдықорғанда тікелей эфир кезінде жер сілкінді
Фото: Видеодан скрин
Талдықорған маңында Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысы кезінде жер сілкінісі болып, уақытша үзіліске кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талдыққорған маңында 4 баллдық жер сілкінісі болды.
Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялык зерттеу институты" мәліметінше, жер сілкінісі сағат 16:01-де болған.
“Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. Нақты мәліметтер анықталып жатыр. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ”, – делінген хабарламада.
Жер сілкінген сәтте сот отырысында сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров сараптама қорытындысын айтып, оған жәбірленуші тараптың адвокаттары сұрақ қойып жатқан.
Судья Ержан Жанұзақов тоқтаған соң шығайық, деп айтты. Ал адвокат Мейірман Шекеев қазақтар “биссмилла” деп отыра береді, жалғастыра берейік деді. Алайда судья үзіліс жариялайтынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында марқұмның ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев пен күдікті Дидар Қалиахметті беттестірген бейнежазба көрсетілген еді. Беттестіру кезінде күдікті мен жәбірленуші тараптың арасында текетірес болған.

Қазақстандық баласына беделді мектепке оқуға түс деп қысым жасаған: Соңында жасөспірім өзіне қол жұмсамақ болған
