Алматы қаласына жаңа әкім тағайындалмақ

24 мамыр күні Алматы қалалық мәслихатының депуаттары қала әкімін тағайындауға келісім беру үшін жиналады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы ақпарат қалалық мәслихаттың ресми сайтында жарияланды.
“Алматы қаласының әкімін тағайындауға келісім беру үшін Алматы қаласының мәслихаты 2025 жылдың 24 мамыр күні сағат 12:00-де VIII сайланымдағы Алматы қаласы мәслихат депутаттарының жиналысы өтетіндігін хабарлайды”, – делінген хабарламада.
Президенттің 2022 жылдың 8 маусымдағы жарлығына сәйкес, облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдерін лауазымға тағайындау үшін облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттары келісім беруі тиіс.
Айта кетейік, 2022 жылдың 31 қаңтарынан бері Алматы қаласының әкімі лауазымын Ерболат Досаев атқарып келеді.
"Балалар еденге жатып, суға түспеген": "Өзенмұнайгаз" қызметкерлерінің балалары барған лагерь талапқа сай болмай шығып, 315 мың теңге айыппұл арқалады
Кей ата-аналар лагерь таңдауда ашықтықтың жоқтығына наразы болған
Неге Қазақстанда ипотека дамыған елдерге қарағанда 5–10 есе қымбат
Ипотека мөлшерлемесі елдің экономикалық жағдайына тәуелді дейді мамандар