Талдықорғанда үй өртенді: Отағасы мерт болды, әйел мен 4 бала жансақтау бөлімінде жатыр
31 желтоқсанда Талдықорғанда жекеменшік екі қабатты үйде газ-ауа қоспасының жарылуынан өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Талдықорғанда Бекпаевтар отбасының үйі өртенді. Онда күйеуі, әйелі және олардың төрт баласы тұратын. 2024 жылдың соңғы күні үй мен отбасының барлық мүлкі өртеніп кетті.
Өрттен отағасы мен оның әйелінің денесінің 98%-ын күйік шалған. Салдарынан ер адам мерт болды, ал әйелі Данияның жағдайы өте ауыр.
Балалар да ауыр күйікпен ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде жатыр.
Мерт болған Ерлан Бекпаевтың анасы халыққа үндеу жасады.
"Айыптамаңыз, кінәлілерді іздемеңіз. Біз қорқынышты қайғыны бастан өткеріп жатырмыз. Бізге тек сіздердің түсіністік танытып, қолдау білдіргендеріңіз маңызды", — деді Күләш Бекпаева.
"8 наурызды тойламаймын": Қазақстандық әйелдер атаулы мерекеден не үшін бас тартқандарын айтты
Қазастандық: "Үйде де, жұмыста да, көшеде де қор болып, зәбір көретін – әйел"
"Жеті атаны білеміз, жеті апаны ше": Қазақстандықтар әйелдерді шежіруге қосуды ұсынды
Этнограф: "Шежіреге қыздар жазылмайтын болса, ру аттары неге әйел атымен аталған?"