Талдықорғанда өз қызын зорлап келген ер адамға химиялық кастрация жасалады
Видеодан скриншот
Талдықорғанда туған қызын зорлаған ер адам де сот үкімі шықты. 15 жастағы жеткіншекке азғындық жасаған азамат өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қаскөйге химиялық кастрация жасалмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жантүршігерлік қылмыс биыл жазда әшкереленді. Мұны жәбірленушінің анасы көріп қалған. Содан соң әйелге қызы бар шындықты жайып салған. Ол әкесінен 7 жылдан бері қорлық көргенін жеткізді. 39 жастағы ер адамның тұңғышына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасағаны сотта дәлелденді.
Абай облысында әйелінің 9 жасар жиеніне азғындық жасаған ер адам өмір бойына сотталды
“Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Және химиялық кастрация жасау үкім етілсін. Орта білімді ер адам жұмыссыз. 4 баланың әкесі. Оған енді өмір бойына педагогикалық салада жұмыс істеуге тыйым салынсын”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Бақыт Ермаханов.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам өмір бойына сотталғаны туралы жазған едік.

"Арнайы тізім жасалуда": Президент тапсырмасынан соң Қазақстанда кімдердің жәрдемақысы қысқартылады
