Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздерге қатысқан 11 адам ұсталды
Талдықорғанда қаңтардағы тәртіпсіздерді ұйымдастырды әрі қатысты деген күдікпен 11 адам ұсталды. Күдіктілер – 20-39 жас аралығындағы ер адамдар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Олардың тәртіпсіздіктерге қатысқаны оқиға орнында түсірілген бейне материалдармен дәлелденді. Күдіктілер қалалық полиция, облыстық әкімдік ғимараттарын басып алуға, әскерилер мен қарулы күштерге қарсы күш қолдануға қатысқан.
Одан бөлек, тінту кезінде күдіктілерден екі тегіс ұңғылы қару, оқтар мен полицейлік оқ өтпейтін кеудешелер мен құқық қорғау және күзет қызметінде қолданылатын түрлі құралдар тәркіленді.
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қару мен мүлік қалалық және облыстық полиция ғимаратына жасалған шабуыл кезінде ұрланған.
Талқылау