Таксимен Барахолкаға кеткен: Алматы облысында 17 жастағы қыз тоғыз күн бойы табылмай жатыр
Алматы облысында полиция із-түссіз жоғалған 17 жастағы қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылғы Сизикова Ирина Александровна Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында тұрады.
25 тамыз күні сағат 8:30 шамасында қыз үйден шығып, сол күйі оралмаған.
"Қыз таксимен Алматы қаласына, Барахолка ауданына жеткені анықталды", – деп мәлімдеді полиция департаментіндегілер.
Белгілері: бойы 163 см., шымыр денелі, шашы бидай түсті, ұзын, көзі көк. Үстіне көк күртке, көк джинс шалбар, аяғына күміс түсті босоножка киген.
Полиция қызды көрген-білгендерден мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 705 770 03 38; 8 705 333 10 33; 8 701 375 92 91 немесе 102.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”