Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Такбир", "Аллаһу Акбар" депутаттың айтатын сөзі ме? Айгүл Орынбек кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қарсы шықты

Заңгер Айгүл Орынбек кәсіпкер Қайрат Құдайбергенге қарсы шықты. Қоғам белсендісі кәсіпкерді тергеуге алу керек деген ойын жеткізді. 

Бұған дейін Қайрат Құдайберген “Дикий” Арманды қолдап, онымен алаңда бірге жүргенін мәлім еткен еді. 

“Біз такибиристер елі ме едік?! Әлде Исламистер елі ме едік? “Такбир” , “Аллаһу Акбар” депутаттың айтатын сөзі ме? ҚР Алматы мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шұғыл түрде тергеуге алу керек. Елдің тәуелсіздігіне сатқындық жасағандар, өздерінше халифат құрғысы келгендердің ешқайсын аямау керек!”, – деп жазды Айгүл Орынбек. 

Желі қолданушылары түрлі пікір жаза бастады. Бірі мұның еш ағаттығы жоқ десе, бірі қолдау көрсетті. 

“Алаңда адамдарды сабырлыққа, мейірімділікке, бейбітшілікке шақырған кезде, провокаторлар Арманға бөтелке, таяқ, тас лақтыра бастады. Мені таныған ел басқа жаққа алып кетті, ал Арманды аямай сабады, біреу арттан келіп таспен басын жарды. Одан кейін Арманның жігіттері (оның арасында біздің де еріктілер бар) емханаларды қорғауға алды, тегін азық-түлік таратты, бұзақыларды ұстады. Арманның қандай қылмыстар жасағанын мен білмеймін, бірақ бұл ситуацияда өзін ер ретінде көрсетті", – деді Қайрат Құдайберген.

Еске салсақ, 7 қаңтарда Алматыдағы арнайы операция барысында "Дикий Арман" бастаған ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесі ұсталғаны хабарланды. Кеше Арман Жұмагелдиевтің сот шешімімен 2 айға қамауға алынғаны белгілі болды.


Талқылау
Пікір
Гульайша
13 Қаң, 22 жыл - 23:01

Түсінігіңіз таяз екен. Неге депутат "Аллаху акбар"- Алла велик деп айта алмайды.  Не ол мұсылман емес пе. Алла сақтасын деген сөздерді оларға айтуға болмай ма. Олай айтпа деуіңіз журналист ханым конституцияға қарсы. Адамның құқығын шектеу. Бояушы бояушы десе сақалын бояйды деген. 

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр