Таиландта қазақстандық турист суға батып, қаза тапты – БАҚ
Фото: thephuketnews.com
Таиландта қазақстандық туристің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
The Phuket News порталының мәліметінше, қайғылы оқиға 11 маусым күні болған. Кезекші құтқарушылар жағадан шамамен 200 метр қашықта жүрген ер адамды байқап, оның батып бара жатқанын аңғарған. Құтқарушылар аквабайкпен бірден көмекке ұмтылған, бірақ олар ер адамды судан алып шыққан кезде, ол тыныс алмай жатқан. Турист жедел жәрдем көлігімен жақын маңдағы Chalong ауруханасына жеткізілген. Алайда ер адамды аман алып қалу мүмкін болмапты.
"Шамамен 17:00-де аурухана Карон полиция бөлімшесіне шетелдік азаматтың қазасы туралы хабар берілді", – делінген полиция есебінің көшірмесінде.
Таиландта қазақстандық туристер мінген катер жағалауда жарылып кетті
Ақша табу үшін Таиландқа кеткен төрт қазақстандық Мьянмада құлдыққа түскен
Қаза тапқан адамның жеке басы туралы ақпарат әзірге ресми түрде жарияланған жоқ, дегенмен жергілікті билік өкілдері бұл Қазақстан азаматы екенін басылымға растаған.
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазір қайтыс болған азаматқа қатысты ақпарат жоқ екенін хабарлады.
Еске салсақ, бұған дейін Таиландта қазақстандық тағы бір турист жол апатынан қаза тапқан еді.