Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта банк қызметкері 13 мың жылға бас бостандығынан айырылды

Таиланд соты 34 жастағы Пудит Киттипрадилокты 13 мың жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп хабарлайды ВВС басылымына сілтеп Stan.kz.

Киттипрадилок аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін істі болған. Ер адам заңсыз банк ұйымдастырып, адамдарға мемлекетте салынып жатқан үйлерді ең төменгі пайыздық ипотекаға сатып алуды ұсыныпты.

Таиландтың 40 мыңнан астам тұрғыны алаяқтың құрбаны болған. Олар банкке жалпы сомасы 162 миллион АҚШ долларын салған екен. Алайда несие беретін ұйымның қызметін прокуратура бақылауына алып, тексеріс жүргізеді.

Киттипрадилок тұтқындалғаннан кейін ол бірден өз кінәсін мойындап, іс сотқа жіберілді.

Айыпталушы өз кінәсін мойындағаны үшін кесілген 13 мың жыл бас бостандығынан айыру жазасы 6,5 мың жылға қысқартылды.

Оқи отырыңыз:

Иранда соңғы сегіз жылда болмаған наразылық шерулері өтті (фото, видео)

АҚШ-та екі айлық сәби анасының шашының кесірінен башпайларынан айырылып қала жаздады

АҚШ-та акулалар қақаған аяз салдарынан қатып өліп жатыр

Ninety one тобы ендігі қазақтың ұлттық аспаптарымен өнер көрсететін болады

Долларлап ақша табатын әншілер Алматыда пәтер жағалап жүргендерін айтты

Талқылау