Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жұмыс істегенше тағы екі бала туып алғаным артық": Әйелдің желідегі мәлімдемесі қазақстандықтардың ашуын туғызды

хиджабтағы әйел

Желіде әйелдің жұмыс істегеннен гөрі "тағы екі бала тауып, жәрдемақы алу" жақсы екенін айтқан видеосы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хиджаб киген әйел сұлулық салонында еден жуушы болып жұмыс істеуге қарсы екенін айтты, себебі мұндай орындар қызметкерлерге немқұрайлы қарайды дейді. Сөзінше, үйде отырып, үкіметтен жәрдемақы алған оңайырақ.

“Қазір үш балам бар. Басқа біреуден екі бала туып алсам, бес балам болады. Сол кезде үйде жатып, үкіметтен 70 мың теңге аламын. Еден жуып, қор болғанша, түк істемей жатқан артық”, – деді ол.

Жазба қазақстандықтардың арасында пікірталас тудырды. Кейбір пайдаланушылар Қазақстанда жұмыс жағдайы мен жұмысшыларға деген көзқарастың нашар екенін атап өтті.

Дегенмен көпшілік әйелді сынға алды. Олар тек жәрдемақыға сену дұрыс емес екенін және балалардың болашағына жауапкершілікпен қарау керегін, тұрақты табысты қажет ететінін атап өтті.

“Кедейлер не себепті бала туа беретінін мойындады-ау”, “5 баланы 70 мыңға қалай асырағалы жатсыз?”, “адамның еңбегі туралы бұлай айтпаған дұрыс”, – деп жазды желідегілер.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 13 Сәуір, 2026 10:38