Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орамалды тек арабтарға тән деу надандық": Исламтанушы хиджабын шешетінін жария түрде хабарлайтын блогерлерді сынға алды

Фото: freepik.com

Қазақстандық теолог әрі исламтанушы хиджаб киген соң оны шешуге қатысты мәселені түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Теологтың айтуынша, хиджаб шешу әркімнің өз таңдауы, десе де оны желіге жариялап, дабыра салудың қажеті жоқ. 


Иранда хиджабты міндетті түрде кию дәуірі аяқталды: Әйелдер еркіндігін атап өтіп жатыр


"Қараудың өзі жиіркенішті": Мұғалім хиджаб киген оқушыларды тұрғызып, сөгіс жасаған (видео)


“Кей блогерлер біраз уақыт хиджаб киіп жүріп, кейін желіде “хиджабты шештім” деп хабарлайды. Оларға біреу күштеп кигізгендей осылай айтады. Бұл дұрыс емес. Бірақ олардың жеке таңдауы. Дегенмен орамалдан бас тарту үшін оны әлеуметтік желілерде хабарлау міндет емес. Одан кейін қазақ халқында ақ жаулыққа ерекше құрметпен қарайды. Сондықтан орамалды тек арабтарға тән деп, “араб емеспін, қазақпын” деу надандық”, – деді теолог Серікжан Еншібайұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері хиджаб кигені үшін түрлі кемсітуге тап болғанын айтқан еді.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 21 Қараша, 2025 11:04
Талқылау