"Тағылған айып дәлелденбеген": Заңгер Мейіржан Төребаевтың ісіне қатысты кей деректермен бөлісті
Заңгер әрі Мейіржан Төребаевтың адвокаты Жанна Уразбахова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында блогерге тағылған айып пен тергеу процесіне қатысты деректермен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жанна Уразбахованың пайымдауынша, Мейіржан Төребаевқа "Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидасын құрды және оған басшылық етті" деген айып тағылған.
"Көпшілігі Мейіржанды қаржы пирамидасын жарнамалағаны үшін соттап жатыр деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. Мейіржан біреуге ұнауы мүмкін, біреуіне ұнамауы мүмкін. Бірақ іске объективті көзқараспен қарайықшы. "Әркім өз әрекетіне жауап береді". Мейіржан қаржы пирамидасын жарнамалады ма? Бұл ұйым қазір қаржы пирамидасы деп танылып отыр. Ал жарнама жасаған кезде қаржы пирамидасы деп танылмаған, бұл туралы Мейіржан білген жоқ. Ондай ойы да болмаған. Ал қазір оны жарнама үшін емес, бұл ұйымды құрып, ұйымдасқан топ құрамында басқарды деп айыптап жатыр", – деді адвокат.
Заңгер қорғалушысына тағылған айыптың заңсыз және дәлелденбегенін алға тартады. Мейіржан Төребаевқа қатысты сот тыңдалымы 2023 жылдың қаңтарында басталған. Сот процесі ашық режимде өтіп жатыр және кез келген адам қатыса алады.
- “Жақсы пәтер алғым келді": Mudarabah Capital қаржы пирамидасынан зардап шегіп, өзін өртеген әйел қазіргі жағдайын айтты
"Қылмыстық кодекстің 217-бабы (Қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету) дегеніміз не? Мейіржан қаржы пирамидасын құрды ма? Әрине, жоқ. Astex компаниясы 2019 жылы, Mudarabah Capital компаниясы 2020 жылдың наурызында құрылды. Барлығы қазір Мейіржанның аталмыш компанияда құрылтайшы болғанын айтып жүр. Компания наурызда құрылған, ал Мейіржан құрылтайшылар қатарына 2020 жылдың 10 қарашасында келген. Бұл – әділет органдардың ресми жауабы. Демек, Төребаев қаржы пирамидасын құрмаған. Мейіржан құрылтайшылар қатарына қосылмай тұрып компания өкілдері ақша жинап, айналымға жіберген. Оның үстіне жарнаманы басқа платформада басқа адамдар арқылы жүзеге асырған. Ең қызығы сот процесінде компания құрылтайшылары "Салымшылар санын көбейту үшін танымал адамды, яғни Мейіржанды әдейі шақырдық" деп жауап берді. Өздері Төребаевты пайдаланғанын мойындап отыр", – деп түсіндірді адвокат.
Заңгердің сөзінше, Мейіржан Төребаев салымшылармен жеке кездеспеген әрі ақша алмаған. Сондықтан блогердің еш кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.
Еске салайық, 12 желтоқсанда қаржы пирамидасын құрды деп айыпталған танымал вайнерлердің ісі сотқа жолданған болатын.
Қаржы пирамидасы ісі бойынша, А. Ораз пен А. Саидбаевқа халықаралық іздеу жарияланған. Қадағалау органының мәліметінше, қылмыстық істің негізінде 41 жылжымайтын мүлікке, 3 автокөлікке, 9 банк шотына және 16 компанияның жарғылық капиталындағы әртүрлі үлестерге тыйым салынды. Еске салайық, Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовқа ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі бойынша айып тақты. Кейін Мейіржан Төребаев үйқамаққа ауыстырылды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
